Accessibility links

Бас прокуратура: Соколова кінәсін мойындады


Мұнайшылар белсендісі, заңгер Наталья Соколова.
Мұнайшылар белсендісі, заңгер Наталья Соколова.
Бас прокуратура 6 жылға сотталған мұнайшылар белсендісі, заңгер Наталья Соколова "түрмеде кінәсін мойындап, қылмысына өкінді" деп мәлімдеді.

Соколованың шартты жазамен босап шыққанына орай түсінік берген бас прокуратураның мәліметінше, ол ақпанда "өз кінәсін мойындап, қылмысына қатты өкінгенін" айтып хат жазған. "Хатында жазасын жеңілдетіп, босатуын сұрады" дейді прокуратура ресми сайтындағы хабарламада.

Осыны және басқа да жеңілдіктерін ескере келе бас прокуратураның ұсынысымен жоғарғы сот Соколованың жазасын жеңілдеткен.

2011 жылдың тамызында "әлеуметтік араздықты қоздырды" және "заңсыз жиын өткізді" деген айыппен 6 жылға сотталған Соколова 6 наурызда шартты жазамен түрмеден босап шыққан еді. Әйтсе де, оған 3 жыл бойына қоғамдық жұмыстармен айналысуға тыйым салынды.
XS
SM
MD
LG