Accessibility links

Иранда мұнай өндіру төмендеуі мүмкін


"Иранда мұнай өндіру Еуроодақ салған санкция шілдеде күшіне енгенде 50 пайызға төмендейді" деп мәлімдеді халықаралық энергетикалық агенттік.

Агенттіктің дерегінше, Иран ақпанда мұнай өндірісін күніне 3,38 миллион баррельге дейін қысқартқан. Бұл - соңғы үш жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткіш. Ал экспорт өткен жылдың қарашасындағы күндік 2,6 миллион баррельден 2 миллионға дейін төмендеген. Халықаралық энергетикалық агенттік өкілі Дэвид Файфтың айтуынша, бұл мөлшер күніне 800 мың баррельге дейін азаюы мүмкін.

Бірақ Иранның мұнай министрі Рустам Касеми "Агенттіктің болжамы қате, мұнай өндіру мен экспорттау мүлдем төмендеген жоқ" дейді.

Батыс елдері "Иранға қарсы санкциялар Тегеранды ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздер жасасуға мәжбүрлейді" деп үміттенеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG