Accessibility links

Таразда "Алға" жетекшісі пикет өткізді


Тіркелмеген "Алға" партиясы Тараз қалалық филиалының жетекшісі Дәметкен Жарылқасынова ҰҚК департаменті алдында пикет өткізді. Тараз, 15 наурыз 2012 жыл.

Тіркелмеген "Алға" партиясы Тараз қалалық филиалының жетекшісі Дәметкен Жарылқасынова ҰҚК департаменті алдында пикет өткізді. Тараз, 15 наурыз 2012 жыл.

Бейсенбіде тіркелмеген "Алға" партиясының Тараз қалалық филиалының жетекшісі Дәметкен Жарылқасынова ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің алдында пикет өткізді. Бұл жайында Азаттық тілшісіне Жарылқасынованың өзі хабарлады.

Ол пикетте "ҰҚК үшін оппозиция - ұйымдасқан қылмыстық топ па?" деген жазуы бар плакат ұстап шыққан.

Жарылқасынованың айтуынша, партия Жаңаөзен оқиғасына байланысты айыпталған белсенділері - Айжангүл Әмірова, Жанболат Мамай және басқа азаматтардың іс-әрекеттері "Владимир Козлов бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың іс-әрекеті" деген мазмұнға өзгеруі мүмкін деп санайды. Ол мұндай қауіпті театр белсендісі Болат Атабаев ҰҚК-де тергеуде болғаннан кейін айтты дейді.

Пикет бейбіт түрде өтті.
XS
SM
MD
LG