Accessibility links

Сауд Арабиясы Сириядағы елшілігін жапты


Сауд Арабиясының картасы.

Сауд Арабиясының картасы.

Сауд Арабиясының үкіметі Дамаскідегі елшілігін жауып, Сириядан барлық дипломаттарын шақырып алғанын хабарлады.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Эр-Рияд мұны Башар әл-Асад режимінің Сирия көтерілісшілеріне шабуылын күшейткеніне жауап ретінде жасап отыр.

Сауд Арабиясы араб мемлекеттері арасында алғаш болып сириялық көтерілісшілерді қолдап, басқа мемлекеттерді Башар әл-Асадтың қарсыластарын қарумен қамтамасыз етуге шақырған болатын.

Сауд Арабиясы - Башар әл-Асадтың ең жақын одақтасы Иранмен бәсекелес.
XS
SM
MD
LG