Accessibility links

ЕҚЫҰ Винявскийдің босатылуына оң баға берді


ЕҚЫҰ-ның баспасөз мәселелері бойынша өкілі Дуня Миятович
ЕҚЫҰ-ның баспасөз мәселелері бойынша өкілі Дуня Миятович
ЕҚЫҰ-ның баспасөз мәселелері бойынша өкілі Дуня Миятович "Взгляд" газетінің бас редакторы Игорь Винявскийдің босатылуын оң бағалап, оған тағылған барлық айыптар алынып тасталады деген үміт білдірді.

"Қауіпсіздік қызметі басылымға Винявскийді тұтқындаған күні тартып алған барлық құрал-жабдықтары мен қаржылық құжаттарын тез арада қайтарады деп ойлаймын" дейді Миятович.

Игорь Винявский қаңтарда "билікті күшпен құлатпақ болды" деген айыппен екі айға қамалған болатын. Ал 15 наурызда оған рақымшылық жасалып, қамаудан босатылды.
XS
SM
MD
LG