Accessibility links

АҚШ-та Өзбекстан азаматы тұтқындалды


Филадельфияда Өзбекстан билігін құлатуды көздейтін "Ислам жиһады одағы" ұйымына қатысы бар деген күдікпен Бахтиор Жұмаев есімді азамат тұтқындалды.

АҚШ прокуратурасының ұйғаруынша, Жұмаев - қаңтар айында Чикаго әуежайында жоғарыдағыдай айыппен тұтқындалған Жәмшид Мухторовтың жақын серігі. Ол шетелге шығып, шабуыл ұйымдастырмақ болған.

Айыбы дәлелденсе, Бахтиор Жұмаев 15 жылға сотталуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG