Accessibility links

Козлов ауруханадан абақтыға ауыстырылды


Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова.

Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова.

Тіркелмеген "Алға" партиясының қамаудағы жетекшісі Владимир Козлов операция жасалған ауруханадан абақтыға ауыстырылды. Бұл туралы оның әйелі Әлия Тұрысбекова хабарлады.

Оның айтуынша, Козловты әскери ауруханадан ҰҚК-нің Алматы департаментінің тергеу абақтысына ауыстырған. Күйеуімен соңғы рет 5 наурызда кездескен Әлия Тұрысбекова абақтыға кіре алмаған. Естуінше, күйеуі операциядан соң әлі төсектен тұрмаған.

Владимир Козлов 23 қаңтарда Жаңаөзен оқиғасына байланысты "әлеуметтік араздықты қоздырды" деген айыппен екі айға қамалған болатын. Ал наурыздың басында әскери ауруханада оның көк етіне операция жасалған.
XS
SM
MD
LG