Accessibility links

Жақсылық Досқалиев бостандыққа шықты


Жақсылық Досқалиев сот отырысында. Астана, 19 мамыр 2011 жыл.

Жақсылық Досқалиев сот отырысында. Астана, 19 мамыр 2011 жыл.

Жеті жылға сотталған бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев бүгін, 16 наурызда мерзімінен бұрын бостандыққа шықты деп хабарлады ақпарат агенттіктері.

Досқалиевтің қорғаушысы Ардақ Балпықовтың "Тенгриньюс" агенттігіне берген сұхбатына қарағанда, Досқалиевқа тағылған бес айыптың төртеуі алынып тасталған. "Тек бір айыппен ғана сотқа тартылды. Сот Досқалиевтің өзін мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды" дейді ол.

Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот 29 ақпанда Досқалиевті мерзімінен бұрын босату туралы шешім шығарған. Шешім 16 наурызда күшіне енген.

Жақсылық Досқалиев 2011 жылдың 5 тамызында "қызмет бабын асыра пайдаланды, аса ірі көлемде пара алды және мемлекет қаржысын жымқырды" деп айыпталып, жеті жылға сотталған еді.

Жақсылық Досқалиев сотталып бара жатқан кезде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдіріп: "Елдің денсаулық сақтау саласын басқару құрметіне ие еткені үшін мемлекет басшысына басымды иемін" деген.
XS
SM
MD
LG