Accessibility links

Кабулда Түркия тікұшағы апатқа ұшырады


Кабулдың Баграм ауданында Түркияның әскери тікұшағы апатқа ұшырады. Тікұшақ тұрғын үй үстіне құлаған.

Ауғанстандағы халықаралық контингент құрамындағы түрік жасағы басшылығы Түркияның 12 әскери қызметкері қаза тапқанын хабарлады. Бұдан өзге тікұшақ құлаған үйдің екі тұрғыны қайтыс болды.

Түркия үкіметі оқиғаға орай әзірге түсінік берген жоқ. Апатқа нақты не себеп болғаны да белгісіз.

Ауғанстанда бейбітшілік сақтаушы НАТО әскерінің құрамындағы Түркияның 1800 әскери қызметкері бар. Олар Кабул маңындағы аймақтарда орналасқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG