Accessibility links

Молдовада президент сайланды


Молдова парламенті жұмада ел президенті етіп 63 жастағы судья, Магистратура жоғарғы кеңесінің төрағасы Николай Тимофтиді сайлады.

Басқарушы "Еуропалық интеграцияны қолдау альянсы" ұсынған Тимофтидің кандидатурасын 101 депутаттың 62-сі қолдап дауыс берді.

Парламенттің легитимділігін мойындамайтын және оған байкот жариялаған коммунистер фракциясы сайлауға қатысқан жоқ.

Бүгінгі сайлау - парламенттің соңғы екі жарым жыл ішіндегі президентті анықтауға ұмтылған сегізінші рет дауыс беруі болып отыр.

Парламентте сөйлеген Тимофти "Молдоваға бөлшектеніп кеткен қоғамды біріктіре алатын ұлттық идея қажет. Ол идея еуропалық интеграция бола алады" деді.
XS
SM
MD
LG