Accessibility links

Бұрынғы концлагерь күзетшісі Демьянюк қайтыс болды


Бұрынғы нацистік концлагерь күзетшісі Джон (Иван) Демьянюк. Мюнхен, 2 ақпан 2010 жыл.

Бұрынғы нацистік концлагерь күзетшісі Джон (Иван) Демьянюк. Мюнхен, 2 ақпан 2010 жыл.

Германияда нацистік концлагердің бұрынғы күзетшісі Джон Демьянюк қайтыс болды. Ол былтыры 5 жылға сотталған еді. Бавария телеарнасының хабарлауынша, 91 жастағы Демьянюк Германияның оңтүстігіндегі қарттар үйінде көз жұмған.

Джон - бұрынғы аты Иван - Демьянюк Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі адам өлімдеріне айыпты деп танылған. Ол соғыс жылдары Польшадағы 27 мың адамды мерт еткен Собибор концлагерінде күзетші болған еді.
XS
SM
MD
LG