Accessibility links

Ирак мұнай экспортын диверсификацияламақ


Тауке мұнай өңдеу зауыты. Зачо ауылы, Күрдістан, Ирак, 31 мамыр 2009 жыл. Көрнекі сурет

Тауке мұнай өңдеу зауыты. Зачо ауылы, Күрдістан, Ирак, 31 мамыр 2009 жыл. Көрнекі сурет


Ирак үкіметі жексенбі, наурыздың 18-і күні Ормуз бұғазы жабыла қалған жағдайда қиындыққа ұшырамас үшін елдің мұнай экспорттау жолдарын кеңейтетіні туралы мәлімдеме жасады.

Үкімет өкілі Әли әл-Даббагтың айтуынша, жоспарға сәйкес Түркияға тартылған мұнай құбырымен және автокөлік жолдарымен тасымалданатын мұнай көлемі күрт көбеймекші.

1990 жылдан бері жабық тұрған Сириядан Ливанға дейін созылып жатқан Банияс-Триполи мұнай құбырын қайта ашу туралы да ұсыныстар бар.

Мұның алдында Иран өзінің ядролық бағдарламасын дамытуға қатысты Батыстың енгізген санкцияларына наразылық таныту ретінде Ормуз бұғазы арқылы мұнай танкерлерін өткізуді тоқтатып тастайтынын айтып ескерту жасаған еді.

Ирактың мемлекеттік бюджеті үшін шикі мұнай сатудан түсетін пайда негізгі кіріс көзі болып саналады.
XS
SM
MD
LG