Accessibility links

Қызыл Крест Мәскеуде Сирия жайын талқыламақ


Халықаралық Қызыл Крест комитетінің басшысы Якоб Келленбергер.

Халықаралық Қызыл Крест комитетінің басшысы Якоб Келленбергер.

Халықаралық Қызыл Крест комитетінің басшысы Якоб Келленбергер дүйсенбіде Мәскеуде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен Сириядағы гуманитарлық көмек жайын талқылайды.

Қызыл Крестің дерегі бойынша, Сирияның ұрыс жүріп жатқан Хомс, Идлиб және басқа да қалаларындағы жағдай өте күрделі.

Якоб Келленбергер бұл аймақтардағы бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін күніне кем дегенде екі сағатқа уақытша бітім жасалуы керек екенін айтады. "Мәскеуде осыған қол жеткізу қажет" дейді ол.

Сирияда БҰҰ мен Ислам Конференциясы ұйымының миссиясы елге қажетті гуманитарлық көмек көлемін анықтап жатыр.
XS
SM
MD
LG