Accessibility links

Жамбылда көлік соқтығысып, 6 адам қаза тапты


Алматы-Ташкент күрежолындағы көліктер. Көрнекі сурет.
Алматы-Ташкент күрежолындағы көліктер. Көрнекі сурет.
Жамбыл облысы аумағында 18 наурыз күні кешке қарай Алматы-Ташкент тас жолының бойында екі көлік соқтығысып, 6 адам қаза тапты.

Төтенше жағдайлар агенттігінің хабарлауынша, тас жолдың 185 шақырымында келе жатқан "Ауди" көлігі қарсы жолға шығып кетіп, "Тойота" көлігімен соқтығысқан.

Қаза тапқандардың бірі - "Ауди" көлігінің жүргізушісі, қалған бесеуі - көлікте келе жатқан 26 мен 3 жас аралығындағы жолаушылар.

Жараланған басқа төрт жолаушы ауруханаға жеткізілген.
XS
SM
MD
LG