Accessibility links

Германияда "әл-Қаида" мүшесінің соты болады


Дүйсенбіде Германияда 2010 жылы Еуропаның бірнеше қаласында террорлық шабуылдар болады деп тергеуде жалған мәлімет берген ауғандықтың соты болады.

Германия азаматтығын алған 37 жастағы Ахмад Уәли Сыддықиды 2010 жылы АҚШ әскерилері Ауғанстанда "әл-Қаидаға" қатысы бар" деп тұтқындаған болатын. Тұтқында отырғанда ол "әл-Қаида" Еуропаның бірнеше қаласына шабуыл жасауы мүмкін" деген еді. Бірақ ешқандай шабуыл жасалған жоқ.

Сот Сыддықиды "әл-Қаида" мен "Өзбекстан ислам қозғалысы" ұйымына мүше деп тапса, ол 10 жылға сотталуы мүмкін.

Прокурорлар Сыддықидың жиһадқа қатысу үшін Пәкістанда және оның Ауғанстанмен шекарасында 2009-2010 жылдары аталған екі ұйымда бірдей жаттығудан өткенін айтады.
XS
SM
MD
LG