Accessibility links

Серік Сапарғали тағы 1 айға қамалды


Оппозициялық саясаткер, белсенді Серік Сапарғали.

Оппозициялық саясаткер, белсенді Серік Сапарғали.

Алматы соты бүгін, 19 наурызда оппозициялық саясаткер, белсенді Серік Сапарғалиды тағы 1 айға қамауға алу туралы санкция шығарды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

23 қаңтар күні Серік Сапарғалидың үйіне құқық қорғау органдары тінту жүргізіп, "әлеуметтік араздық туғызды" деген айып таққан болатын. Ал 26 қаңтар күні сот оны екі айға қамау туралы санкция шығарды

Серік Сапарғали 2011 жылғы президент сайлауына түсуге үміткер болған. 2011 жылы желтоқсанның соңында Жаңаөзендегі биліктің әрекетіне наразылық білдірген рұқсат етілмеген акцияға қатысқаны үшін 15 тәулікке қамалды.
XS
SM
MD
LG