Accessibility links

Азия елдері қару-жарақ импортынан алда тұр


Ресейдің "Ярс" зымыран кешені. Көрнекі сурет.
Ресейдің "Ярс" зымыран кешені. Көрнекі сурет.
Стокгольм халықаралық бейбітшілікті зерттеу институтының баяндамасы бойынша, 2007-2011 жылдар аралығында әлемде қару-жарақ импортынан Азия елдері алға шыққан.

Институт жариялаған алғашқы бестіктің қатарында Үндістан, Оңтүстік Корея, Пәкістан, Қытай және Сингапур тұр. Мұның ішінде әлемдік қару-жарақ импортының 10 пайызы Үндістанның үлесінде.

Ал қару-жарақ экспортынан әлемде АҚШ пен Ресей алда келеді. Әлемдегі сатылымдағы қару-жарақтың 30 пайызын АҚШ, 24 пайызын Ресей экспорттайды. Олардан кейінгі орындарда Германия мен Франция тұр.

Ресей қаруының басым көпшілігін Қытай мен Үндістан сатып алады.
XS
SM
MD
LG