Accessibility links

Мәскеуде ұсталған демонстранттар босатылды


Останкино мұнарасындағы наразылық акциясында полиция демонстрантты ұстап әкетіп барады.

Останкино мұнарасындағы наразылық акциясында полиция демонстрантты ұстап әкетіп барады.

Мәскеу ішкі істер басқармасының хабарлауынша, Останкино мұнарасында болған наразылық акциясында ұсталғандар босатылды. Оларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Енді олар сотқа келуі тиіс.

Ұсталғандардың арасында оппозиция жетекшілері Сергей Удальцов пен Борис Немцов та бар. Көпшілігіне митингі өткізу тәртібін бұзғаны туралы айып тағылған.

Жексенбі, 18 наурызда Останкиноның алдында жүздеген адам наразылық шарасына жиналған еді. Жиналғандар мемлекетке қарасты "НТВ" телеарнасы көрсеткен Путиннің билікке оралуы және оппозицияның "лас әрекеттері" туралы теле-репортаждарды сынап, билікке қарсы ұрандар көтеріп шыққан болатын.
XS
SM
MD
LG