Accessibility links

Ливияда ұсталған Ұлыбритания журналистері босатылды


Ливияда ақпан айында "тыңшылық жасады" деген айыппен ұсталған ұлыбританиялық журналистер босатылды.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Иранның Press TV компаниясында жұмыс істейтін ұлыбританиялық журналистер Николас Дэвис пен Гаретта Монтгомери-Джонсонға тағылған айып та алынып тасталған.

Ішкі істер министрлігі журналистерді Ливия билігіне тапсырған.

Amnesty International және "Шекарасыз тілшілер" ұйымдары Ливия ішкі істер министрлігін журналистерді заңсыз қамап отыр деп айыптаған болатын. Олар журналистерді я дереу босатуды, я Ливия үкіметінің қарауына тапсыруды шақырған.

Сарапшылар журналистерді бұлайша ұзақ уақыт ұстаудың өзі Ливияда орталық биліктің әлсіз екенін көрсетеді деп бағалаған.
XS
SM
MD
LG