Accessibility links

Дамаскіде ұрыс жүріп жатыр


Сирияның Алеппо қаласында көлік жарылған орын. Сирия, Алеппо, 18 наурыз 2012 жыл.
Сирияның Алеппо қаласында көлік жарылған орын. Сирия, Алеппо, 18 наурыз 2012 жыл.
Сирия оппозициясының хабарлауынша, Дамаск қаласында көтерілісшілер мен үкімет әскерлері арасында елде толқулар басталғалы бергі ең қарқынды шабуыл жүріп жатыр.

Сирия мемлекеттік телеарнасы Дамаскінің батысындағы Сирия арнайы қызметінің нысандары орналасқан әл-Мезза ауданындағы қақтығыста үш "террорист" пен бір әскери қызметкердің қаза тапқанын хабарлады. Сирияның билікке қарасты ақпарат құралдары "террорист" деп көтерілісшілерді атайды.

Ал Сирия адам құқықтарын қорғау ұйымы "ұрыста 18 әскери қызметкер жараланды" дейді.

Жексенбіде Дамаскі мен Алеппо қалаларында болған екі жарылыстан 30-ға тарта адам қаза тапқан.

Халықаралық Қызыл Крест комитеті дүйсенбіде Мәскеуде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен Сирияға гуманитарлық көмек көрсету жайын талқыламақ.
XS
SM
MD
LG