Accessibility links

Францияда қарулы адам 4 адамды атып өлтірді


Францияның Тулуза қаласында, еврей мектебінің сыртында белгісіз адам төрт кісіні атып тастады. Оның үшеуі - мектеп оқушысы. Тағы бірнеше адам жараланған.

Куәлердің айтуынша, қарулы адам мотоциклмен жүрген. Франция полициясы шабуыл жасаған адамды іздестіріп жатыр.

Өткен аптада осы аймақта болған атыстарда үш десант қаза тапқан болатын. Куәгерлер ол жолы да қылмыскердің мотоциклмен жүргенін айтқан.

Президент Николя Саркози "бүгінгі мектеп жанында болған шабуылды десанттар қазасымен байланыстыру тым ерте" дейді.

Саркози мен басқа да ресми адамдар бүгін кешке қайғылы оқиға болған жерге келеді деген жоспар бар.
XS
SM
MD
LG