Accessibility links

Дін бостандығы шектеулі елдердің тізімі жарияланды


АҚШ-тың халықаралық дін бостандығы бойынша үкіметтік емес комиссиясы азаматтардың дін бостандығы жиі бұзылатын елдердің тізімін жасады.

Тізімге Орталық Азия елдерінен Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан кірген. Бұдан өзге Иран, Ирак, Солтүстік Корея да аталады.

Дін бостандығы туралы құжатта билік тарапынан немесе басқалай түрде азаматтардың ар-ұждан бостандығы бұзылған тоғыз мемлекеттің аты жазылған. Олардың арасында Ресей, Беларусь және Ауғанстан бар.

Комиссияның ұйғаруынша, бұл елдердегі жағдайды ерекше бақылауға алу қажет.
XS
SM
MD
LG