Accessibility links

Куба белсенді әйелдерді босатты


Куба билігі 18 наурызда ұсталған оппозициялық ұйымға мүше 70-ке жуық белсенді әйелді босатты.

Билік оларға папа 16-Бенедиктің 26-28 наурызда Кубаға сапары кезіндегі іс-шараларға қатыспауын ескертті. Белсенді әйелдер бұған дейін Кубадағы адам құқықтары мәселесін талқылау үшін папамен кездестіруді талап еткен еді.

Дүйсенбіде АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Томми Виетор Куба үкіметін оппозицияны қорқытып-үркіту және қудалау әдістерінен бас тартуға шақырды.
XS
SM
MD
LG