Accessibility links

Иракта ірі наразылық акциясы өтті


Шииттердің діни жетекшісі Мұқтада әл-Садрдың жақтастары өткізген наразылық акциясы. Басра, Ирак, 19 наурыз 2012 жыл.
Шииттердің діни жетекшісі Мұқтада әл-Садрдың жақтастары өткізген наразылық акциясы. Басра, Ирак, 19 наурыз 2012 жыл.
Иракта антиамерикалық шииттік жетекші Мұқтада әл-Садрдың мыңдаған жақтасы дүйсенбіде Басра қаласында тұрмыс деңгейін жақсартуды талап етіп, наразылық акциясын өткізді. Наразылық АҚШ-тың Иракқа басып кіргеніне тоғыз жыл толған күні ұйымдастырылды.

Акцияда демонстранттар елде ұзақ жылғы соғыстан соң коррупцияның тамыр жайғанына, инфрақұрылымның дамымай қалуы мен жұмыссыздық деңгейінің тым жоғарылап кеткеніне наразылықтарын білдірді.

Наразылық акциясы наурыздың соңында Бағдадта өтетін Араб лигасы елдерінің саммиті қарсаңында ұйымдастырылды.
XS
SM
MD
LG