Accessibility links

Ертісбаев Еуропарламенттің қарарын сынады


Қазақстан президентінің саяси мәселелер бойынша кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев.
Қазақстан президентінің саяси мәселелер бойынша кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев.
Қазақстан президентінің саяси мәселелер бойынша кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев "Время" газетіне берген сұхбатында Еуропарламенттің өткен аптада Жаңаөзен оқиғасын айыптаған қарарын сынға алды.

"Қазақстанға қатысты қабылданған қарар біржақты, шынайы емес" деген Ертісбаев Еуропарламенттің Жаңаөзен оқиғасында "жағдайдың қалай өрбігеніне назар аудармағанын" айтады.

Бірақ кеңесші сұхбатында Еуропарламенттің "Жаңаөзен оқиғасында 500-ге тарта адамның жараланған" деген дерегін я растап, я жоққа шығармайды. Тек Еуропарламенттің "алып-қашты әңгімелерге емес, ресми орындардың мәліметіне ғана сүйенуі керектігін" айтады.

Ермұхамет Ертісбаев қарарға талдау жасап, жақын арада оған қатысты қазақстандық басылымдардың біріне материал беретінін айтыпты.
XS
SM
MD
LG