Accessibility links

Египет "әл-Қаида" жетекшісінің туысын ақтады


Египеттің әскери соты терроризмге қатысы бар деп айыпталған "әл-Қаида" жетекшісі Айман әл-Зауахиридің ағасы Мұхаммед әл-Зауахиридің айыбын алып тастады.

Мұхаммед әл-Зауахири 14 жыл бұрын, 1998 жылы "теракт жасамақ болды" және "экстремистік ұйымға қатысы бар" деген айыппен сырттай өлім жазасына кесілген болатын.

Әскери сот бұған қоса 1981 жылы Египеттің сол кездегі президенті Әнуар Саадатты қастандықпен өлтірген Халед Исламбулидің ағасы Мұхаммед Исламбулиді де ақтады.

Айман әл-Зауахири өткен жылы "әл-Қаида" ұйымының бұрынғы жетекшісі Усама Бен Ладенді АҚШ әскері Пәкістанда арнайы операция барысында өлтіргеннен кейін ұйым жетекшісі болған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG