Accessibility links

Иракта жарылыстардан 30 адам қаза тапты


Хилла қаласындағы жарылыс болған жер. Ирак, 20 наурыз 2012 жыл.
Хилла қаласындағы жарылыс болған жер. Ирак, 20 наурыз 2012 жыл.
Ирактың бірнеше қаласында сейсенбіде болған жарылыстардан 30 адам қаза тапты, 160-ге жуық адам жараланды.

Ресми ақпараттар бойынша, ел астанасы Бағдадта, Киркук, Кербала, Хилла және тағы үш қалада полиция мен әкімшілік нысандарының жанында тұрған мина жасырылған көліктер жарылған.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Бағдадта ішкі істер министрлігінің жанында көлік жарылған. Агенттік ел бойынша жиыны 15 жарылыс болғанын айтады.

Жарылыстар негізінен шииттер тұратын аудандарда болған. Әзірге жарылыстардың жауапкершілініе ешкім мойнына алған жоқ.

Бірақ соңғы айларда Иракта "әл-Қаидамен" байланысы бар сүнниттік экстремистік топтар белсенді әрекет ете бастаған болатын.
XS
SM
MD
LG