Accessibility links

Сирия әскері Дамаск маңында операция өткізді


Бүгін Сирияның үкіметтік әскері Дамаскінің маңындағы Хараст және Ирбин қалаларында операция өткізді. Бұл маң екі айдан бері ереуілшілерге бағынышты болатын. Билік әскері артиллерия, танк пен пулемёт қолданды.

Батыс журналистерімен тілдескен оппозиция белсендісінің айтуынша, ереуілшілердің "Азат Сирия армиясы" Башар әл-Асадтың жасағына соққы берген соң үкімет әскері қарсы шабуыл жасаған.

Сейсенбі күні оппозиция мен үкімет күштерінің Дамаск маңындағы қақтығысынан 30-ға жуық адам көз жұмды. Үкімет әскері елдің шығысындағы Дейр-эз-Зор қаласын бақылауға алды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG