Accessibility links

Ирактағы жарылыстардан 45 адам мерт болды


Бүгін Иракта бірнеше жарылыстан аз дегенде 45 адам қайтыс болды, 200 адам жараланды. Әсіресе елдің оңтүстігіндегі шииттер киелі санайтын Кербала мен солтүстіктегі Киркук қалаларындағы әр шабуылдан кем дегенде 13 адам мерт болды. Кербалада көз жұмғандардың арасында Ираннан зиярат ете келген адамдар да бар.

Бағдад, Хилла, Байджи, Дакук, Дхулу қалаларында да жарылыс болып, шииттер тұратын аудандар мен қауіпсіздік күштері ғимараттары шабуылға ұшырады.

Әзірше бұл жарылыстардың жауапкершілігін ешкім мойнына алған жоқ. Өткен жолғы мұндай шабуылдарға "әл-Қаида" ұйымы жауапкер болған.

Бүгінгі жарылыстар Ирак билігі Бағдадта Араб елдері лигасының саммитіне дайындық жасап жатқан сәтке тұспа-тұс келді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG