Accessibility links

Тулузада үйге тығылған күдікті тілдеспей отыр


Күдіктіні ұстау операциясы. Тулуза, Франция, 21 наурыз 2012 жыл.

Күдіктіні ұстау операциясы. Тулуза, Франция, 21 наурыз 2012 жыл.

Жеті адамның өліміне қатысы бар деген күдікті азамат Францияның Тулуза қаласында үйге тығылып алып, қоршап тұрған полициямен тілдеспей қойды деп хабарлады полиция өкілі.

Күдікті бұған дейін тапаншасын рацияға айырбастап, сол арқылы полициямен сөйлесіп отырған. Күдіктінің аты-жөні - Мохаммед Мера, жасы 24-те, Францияның алжир текті азаматы. Ол бүгін түсте полицияға берілуге уәде еткен. Билік оны тірідей ұстағысы келетінін айтты.

Мера өзін «Әл-Қаиданың» сарбазымын деп мәлімдеп, «палестиналық балалардың кегін алып жүргенін, француз әскерінің мұсылман елдеріндегі операцияларына қарсылық білдіргенін» айтқан.

Билік орындарының дерегіне қарағанда, күдікті бұрын Ауғанстандағы Қандағар қаласында - талибтердің бұрынғы орталықтарының бірінде болған. Қазір оның ағасы мен анасы тұтқындалды.

Мера жеті адамның өліміне орай күдікке ілінді. 11 наурызда Тулузада десант сарбазы өлтірілген еді. 15 наурызда тағы екі әскери қызметкер көз жұмып, Монтобан қаласында бір адам жараланды.

Дүйсенбі күні мотоцикл мінген қарулы адам Тулузадағы еврей мектебіне келіп, үш баланы және раввинді атып кетті. Ол марқұмдарды бүгін Израильде жерлейді.
XS
SM
MD
LG