Accessibility links

Пан Ги Мун: Сириядағы дағдарыс бүкіл әлемге қауіпті


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун. Джакарта, 21 наурыз 2012 жыл.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун. Джакарта, 21 наурыз 2012 жыл.

Сириядағы дағдарыс "аса қауіпті", тіпті әлден-ақ "бүкіл әлемге кері ықпалын тигізіп жатыр", "бұл мәселені шешу ісіне белсене кірісу керек" деп мәлімдеді БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун сәрсенбі күні Индонезияның Джакарта қаласында сөйлеген сөзінде.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі осы ұйым мен Араб елдері лигасының арнайы өкілі Кофи Аннан дайындаған, Сирия билігі мен оппозициясын қантөгісті тоқтатуға шақырған ұсыныс жобасын қарап жатыр. Ол құжаттың заңдық күші болмайды.

Сирия белсенділерінің хабарлауынша, үкімет әскері Дамаск маңындағы Хараста мен Ирбин қалаларын ауыр артиллериямен атқылаған.

Хомс қаласындағы Халидия ауданы да екі күннен бері миномет шабуылына ұшырап жатыр. Хомстың солтүстігіндегі ереуілшілер бекінген Растан қаласы да артиллерия шабуылына тап болды.

Бірақ Сирия билігі ол аумақтарға журналистерді жібермегендіктен бұл ақпараттарды анықтау мүмкін емес.

БҰҰ есебінше, Сирияда бір жылға созылған қақтығыстан сегіз мың адам көз жұмған. Олардың көбі - бейбіт тұрғындар.
XS
SM
MD
LG