Accessibility links

Тулузада күдікті бекінген үйді екі күннен бері қоршап тұр


Францияның Тулуза қаласында арнайы жасақ жеті адамның өліміне күдікті Мохаммед Мера бекініп алған үйді екі күннен бері қоршап тұр. Түнде үй маңында екі рет мылтық дауысы естілді. Көршілес үйлердің тұрғындары басқа жаққа көшіріліп, электр қуаты мен газ үзілді.

Полиция "үйге бекінген күдікті өліп қалған болуы да мүмкін" деген болжам айтады.

Франция ішкі істер министрлігінің өкілі Пьер-Анри Бранденің айтуынша, Мера әуелі полицияға берілуге көнген, бірақ кейін айнып қалған. Одан 10 сағаттан бері ешқандай хабар жоқ.

Париж прокуроры, тергеу тобының басшысы Франсуа Молан Мераны өз бетімен діни сауатын ашқан радикал салафит деп сипаттады. Мера Ауғанстанға екі рет барып, Пәкістанның Вазиристан уәлаятындағы содырлар лагерінде дайындалған. Францияда ұсақ бұзақылық істері үшін 15 рет сотталған.

Сәрсенбі күні Израильде Тулузадағы еврей мектебінде қаза тапқан үш бала мен раввинді жерледі. 11 және 15 наурызда оққа ұшқан француз сарбаздары Тулузаның маңындағы Монтобан қаласында жерленді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG