Accessibility links

Пан Ги Мун: Солтүстік Корея зымыран ұшырса, аймаққа қауіпті


БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун. Джакарта, 21 наурыз 2012 жыл.

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун. Джакарта, 21 наурыз 2012 жыл.

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Солтүстік Кореяның зымыран ұшырау жоспары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қарарына қайшы екені, әрі осы аймақтағы тыныштықты бұзуға әсер ететінін айтты.

Пан Ги Мун бұл пікірін бүгін Малайзияға сапары барысында айтты.

Солтүстік Корея билігі сәуір айында жер орбитасына спутник жеткізетін зымыран ұшыратындарын хабарлаған еді.

АҚШ бастаған бірнеше ел "Солтүстік Кореяның ғылыми мақсатта зымыран ұшырамыз дегені баллистикалық зымыранды сынауға сылтау болуы мүмкін" деп күдіктенеді.
XS
SM
MD
LG