Accessibility links

Сирияда үкімет әскері Хаманы атқылап жатыр


Хомс қаласы маңындағы өрттің түтіні. Сирия, 19 наурыз 2012 жыл.

Хомс қаласы маңындағы өрттің түтіні. Сирия, 19 наурыз 2012 жыл.

Сирияда үкімет күштері оппозицияның қарулы жасақтары бекінген Хама қаласы маңындағы қоныстарды атқылап жатыр.

Оппозиция белсенділерінің айтуынша, қалаға 70-ке жуық танк енген. Хамада анық қанша адамның қайтыс болғаны белгісіз. Сәрсенбі күні, босқындардың айтуынша, 17 бейбіт тұрғын мерт болған.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун бүгін соғыс өтіндегі аудандарда қалған бейбіт азаматтарға көмек көрсету үшін тезірек гуманитарлық жол ашу керегін айтты. Оның ойынша, БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің жуықта қабылданған қарары Сириядағы дағдарысты шешуге маңызды ықпал етеді.
XS
SM
MD
LG