Accessibility links

Еуропа Одағы жаңа санкцияны мақұлдады


Брюссельде Еуропа Одағы елдерінің сыртқы істер министрлері Беларусь, Сирия және Иранға қарсы жаңа санкцияларды мақұлдады.

12 беларусь азаматын Еуропа Одағына кіргізбеу, олардың Одақ аумағындағы активтерін құрсаулау мәселесі санкцияда сөз болды. Экономикалық санкциялар Беларусьтегі 29 фирманы да қамтыды.

Сириялық 12 адам да осы тізімге енді. Олардың арасында ел президенті Башар әл-Асадтың әйелі Асма және басқа туыстары бар.

Иранның 17 азаматы да тізімге қосылды. Ұйым бұл елге электрондық бақылау ісіне қолданылуы мүмкін аспаптарды экспорттауға тыйым салды.

Еуропа Одағы санкцияны "саяси қарсыластарын қудалауға қатысы бар" деген адамдар мен ұйымдарға орай қолданып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG