Accessibility links

Португалияда экономикалық шараларға қарсы ереуіл болды


Португалияда он мыңдаған адам үкіметтің қатаң экономикалық шараларына және еңбек заңын өзгертуіне қарсылық ретінде ереуілге шықты.

Елдегі ең ірі кәсіподақ ұйымы басшысы Арменио Карлостың айтуынша, шеру елдің 35 қаласында өткен. Кейбір қалаларда шерушілер мен полиция қақтығысып қалған. Лиссабондағы қақтығыстан екі фотожурналист жапа шекті.

Лиссабонда метро тоқтап, паром жүрмей, қоғамдық көлік кестесінен кешіге бастады.

Португалия үкіметі елді қарыздан құтқару үшін 78 миллиард еуро бөлген Еуропа Одағы мен Халықаралық валюта қорының шарттарын орындау үшін экономикалық шараларды жүзеге асырып жатыр.
XS
SM
MD
LG