Accessibility links

Amnesty International Жаңаөзен оқиғасын жария тексеруге шақырды


Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымының белгісі.

Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымының белгісі.

Amnesty International («Амнести интернешнл») халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігінің Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғаны жария тексермеуіне алаңдайды.

Ұйым "тәртіпсіздікті ұйымдастырды" деген күдікпен ұсталған адамдардың азапталғанын, оппозиционерлер мен кәсіподақ белсенділерінің тұтқындалғанын айтады. Айыпталған азаматтар әділ сотқа жете алмай ма деп қауіптенеді Amnesty International.

«Адам құқын қорғаймыз деп ресми түрде мәлімдегенімен, адамды қудалайтын және құқын бұзатын қауіпсіздік күштерінің ісі Қазақстан билігінің беделін түсіреді» дейді осы ұйымның Еуропа мен Орталық Азия жөніндегі өкілі Джон Далхусейн.

Ол қазақ билігін "Маңғыстау облысындағы шеруді күшпен қуып тарату оқиғасын тексерген кезде ашық және жария әрекет етуге" шақырды.
XS
SM
MD
LG