Accessibility links

Франция премьері: Полиция Мераға тосқауыл қоя алмады


Франция премьер-министрі Франсуа Фийон. Париж, 9 қаңтар 2012 жыл.

Франция премьер-министрі Франсуа Фийон. Париж, 9 қаңтар 2012 жыл.

"Полиция мен қауіпсіздік күштері Мохаммед Мераның кісі өлтіруіне тосқауыл қоя алмады" дейді Франция премьер-министрі Франсуа Фийон. Оның айтуынша, Мераның іс-әрекетінен күдікті ештеңе байқалмаған.

Бұдан бұрын Франция президенттігіне социалистер партиясы атынан ұсынылған Франсуа Олланд "лаңкестікке қарсы қатаң заңдар Мераға келгенде іске аспады" деп мәлімдеген еді.

Жеті адамның өліміне байланысты күдікке ілінген Мохаммед Мераның Ауғанстан мен Пәкістанға барғаны, ал АҚШ-тың оған келуге тыйым салғаны мәлім болды.

Франция премьер-министрі Франсуа Фийон ешқандай қылмыс жасамаған адамды полицияның аңдуға хақы жоқ екенін айтты. "Салафи ұйымына мүше болу қылмыс емес" дейді Фийон.

Франция президенті Николя Саркози "террористік сайттарға" жиі кіретін немесе лаңкестікті үйрену үшін шетелге баратын адамдарды қатаң бақылауға алу керек деген ұсыныс айтқан.
XS
SM
MD
LG