Accessibility links


Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Алматыдағы Абай ескерткішінің маңына жиылған жұрттың қарасы - бірнеше жүз адам.

Сағат 12-де басталған шеруде әуелі 2011 жылы 16 желтоқсанда болған Жаңаөзен оқиғасында қаза тапқан марқұмдардың рухына құран бағышталды. Шеруге келген адамдар бір минут үнсіздік жариялап, еске алды.

Алғашқылардың бірі болып сөз алған оппозиция қайраткері Маржан Аспандиярова "биліктің халыққа оқ жұмсағанын" айыптады.

Шеруге жиылған жұрттың қасында көше қозғалысын бақылап, жол полицейлері жүр. Азаттық тілшісі "Қазақстан" қонақ үйінің маңайындағы ғимараттардың қалтарыстарынан қалалық ішкі істер департаментінің полиция жасақтарын байқаған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG