Accessibility links

Алматыдағы шеруге полицейлер азаматтық киіммен келді


Жаңаөзен оқиғасына 100 толуына орай шеруге шыққан жұрт. Алматы, 24 наурыз 2012 жыл.

Жаңаөзен оқиғасына 100 толуына орай шеруге шыққан жұрт. Алматы, 24 наурыз 2012 жыл.


Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Абай ескерткіші мен Республика сарайының ортасында өтіп жатқан шеруде қарапайым киінген қауіпсіздік қызметкерлері жүр.

Өйткені Абай ескерткішіне барғысы келген адамдарды полиция киіміндегі қызметкерлер емес, қарапайым адамдар тоқтатып, өтуге болмайтынын ескертіп жатыр.

Сонымен қатар шеру өтіп жатқан жерге жақын маңда балалар концерті ұйымдастырылған. Концерттің дауысы барынша қатты қойылып, шеруге келген мыңға тарта адам жұрт алдына шығып сөйлеген белсенділердің сөзін ести алмады.
XS
SM
MD
LG