Accessibility links

Алматыда Жаңаөзен құрбандарын еске алу шеруі аяқталды


Жаңаөзен оқиғасына 100 күн толуына орай өткен шеру. Алматы, 24 мамыр 2012 жыл.

Жаңаөзен оқиғасына 100 күн толуына орай өткен шеру. Алматы, 24 мамыр 2012 жыл.

Алматыдағы Абай ескерткішінің түбінде түскі сағат 12-де басталған шеру бірер сағаттан соң аяқталды.

Шеру соңында "Журналистер қатерде" ұйымының жетекшісі Рамазан Есіргепов шеруде қабылданған қарарды оқыды.

Шерушілер бұл қарар арқылы ЕҚЫҰ, Халықаралық ислам ұйымы, БҰҰ сияқты халықаралық ұйымдарды Жаңаөзен оқиғасын ашық тергеу және саяси астары бар соттар мен оппозицияны қуғындауды тоқтату үшін Қазақстан билігіне ықпал етуге шақырды.

Қарарда Жаңаөзен оқиғасына байланысты тұтқындалған оппозиция белсенділерін босату, олардың үстінен қозғалған істі тоқтату туралы айтылды.

Қарарда, мұнымен қатар, "биліктің Жаңаөзенде халыққа оқ атқаны үшін Қазақстан азаматтарынан кешірім сұрау, мемлекеттік қылмыскерлерді анықтап, лайықты жаза беру қажеттігі де" айтылды.
XS
SM
MD
LG