Accessibility links

Оралда Жаңаөзенге байланысты шеру өтті



Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Оралдағы шеру жергілікті уақыт бойынша сағат 12-де басталған. Қарсылық шарасына келгендер - бірнеше жүз адам.

Шеруді "Уральская неделя" газетінің журналисті Лұқпан Ахмедияров ашып, одан кейін аталған газеттің бас редакторы Тамара Еслямова, жазушы Алпамыс Бектұрғанов сөз сөйлеген. Олар "Жаңаөзен оқиғасында ереуілшілерге оқ атты" деп билікті айыптап, "осындай дағдарысқа әкеп тіреген билікке қоғамның төзе алмай отырғанын" айтқан.

Азаттық тілшісі Оралдағы шеруге қауіпсіздік қызметкерлері азаматтық киіммен келгенін, шеруді қала әкімдігі мен полицейлердің "алыстан бақылап тұрғанын" хабарлады.

2011 жылы 16-17 желтоқсанда Жаңаөзен мен Шетпеде (ресми есеп бойынша) 17 адам қаза тауып, 100 шақты азамат жараланды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG