Accessibility links

Ақтөбеде Жаңаөзен құрбандарына ас берілді


Ақтөбеде Жаңаөзен құрбандарының рухына құран бағышталып, ас берілді.

«Алға» халықтық партиясының Ақтөбедегі штабында өткізілген асқа 40 шақты адам жиналды. Азаттық тілшісінің айтуынша, олардың арасында құқық қорғаушылар, журналистер мен оппозиция белсенділері бар.

Партия белсендісі Гүлжан Төлемісова облыс орталығындағы мәңгілік алауға гүл қойып, Жаңаөзен құрбандарына арнап митинг өткізбек болғандарын, бірақ жергілікті биліктің оған рұқсат етпегенін айтты.

«Билік қаралы күн жариялаған жоқ. Бұл - халық Жаңаөзендегі қырғынды ұмытты деген сөз емес. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деді Гүлжан Төлемісова асқа жиналғандардың алдында сөйлеген сөзінде.

Жиында сөз алған өзге де азаматтар былтыр желтоқсанның 16-сы күні "қарусыз халыққа оқ атқандарды" айыптады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG