Accessibility links

Астанада Жаңаөзен оқиғасын еске алды


Жаңаөзен оқиғасына 100 күн толуына орай Астананың маңындағы Өндіріс ауылында да митинг өтті деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Ол митингіні оппозициялық саясаткер Зәуреш Батталова ұйымдастырған. Шараға ауылдың 30 шақты адамы қатысқан.

Митингіде жиналғандар Жаңаөзен құрбандарына құран бағыштап, ас берген.

Бұдан соң қатысушылар Жаңаөзендегідей әлеуметтік дағдарысты жағдай елдің кез-келген түкпірінде болуы мүмкін деген мағынадағы сахналық көрініс қойған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG