Accessibility links

Атырауда Жаңаөзенді еске алуға кедергі жасады


Белсенділер Жаңаөзен оқиғасына 100 күн толғанына орай гүл қоюға келіп тұр. 24 наурыз 2012 жыл.

Белсенділер Жаңаөзен оқиғасына 100 күн толғанына орай гүл қоюға келіп тұр. 24 наурыз 2012 жыл.

Атырау қаласында бүгін қоғамдық ұйымдардың бірнеше белсендісі Жаңаөзен оқиғасына 100 күн толғанын еске алып, онда құрбан болғандардың рухына арнап құран бағыштады.

Белсенділер саябақтағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына қойылған ескерткішке Жаңаөзен құрбандарына арнап гүл шоқтарын қойды. Бірақ олар ескерткішке келгенде оқушылармен іс-шара өткізбек болған әскерилер ескерткішті қоршап қойған екен. Қоршауды айналып өтпек болған белсенділерге іс-шараны ұйымдастырып жүргендердің бірі "ескерткішке тиюге болмайтынын" айтып, кедергі жасаған.

- Біз келгенде бірнеше мектеп оқушылары мен бастарына курткаларының капюшондарын баса киген төрт-бес адам тұр екен. Біздің келгенімізді көрген әлгі адамдар "ескерткіш маңына келмеңіздер, қазір бұл жерде балалар жүгіріп, жарыс болады" деді. Бірақ жарыстың орнына үстел әкеліп қойып, бір ер адам қаруды бұзып, жинауды көрсете бастады, - дейді «Демос» қоғамдық ұйымы жетекшісі Тоғжан Қизатова.

Бірақ белсенділер гүлдерін қойып, арнайы алып келген жеті нандарын таратып кеткендерін айтады.

23-24 наурызда Қазақстанның бірнеше қаласында Жаңаөзен оқиғасына 100 күн толғанын еске алған шаралар өтті.
XS
SM
MD
LG