Accessibility links

АҚШ сержантына айып тағылды


Ауғанстанда 17 бейбіт тұрғынды атып тастаған 38 жастағы АҚШ сержанты Роберт Бейлске "қасақана кісі өлтірді" деген айып тағылды.

Оған енді өмір бойы түрмеде отыру жазасы кесілуі мүмкін. Айыбы дәлелденсе, өлім жазасы да берілуі ықтимал.

Роберт Бейлс 11 наурызда Қандағар уәлаятында әскери базадан шығып кетіп, жақын маңдағы ауылдың 16 адамын атып өлтіріп, базаға қайта оралған. Оқиғадан соң бірден тұтқындалып, алдымен "16 адамды атып өлтірді" деген айып тағылған. Бірақ 22 наурызда әскери сот оған "17 адамды өлтірді" деген айып тақты.

Бұл оқиға АҚШ пен Ауғанстанның қарым-қатынасына кері әсер етіп, ауғандықтар АҚШ әскерінің елден шығарылуын талап ете бастады.

Бейлстің қорғаушысы "қылмыстық істе оның жүйке жүйесі ауруымен ауыратыны ескерілуі керек" деген болатын.

Бейлс бұған дейін Ирактағы соғыста болғанында басынан жарақат алған.
XS
SM
MD
LG