Accessibility links

Бақытжан Төреғожинаға айыппұл салынды


Алматының әкімшілік ауданаралық соты "Ар.Рух. Хақ" қоғамдық қорының төрайымы Бақытжан Төреғожинаға "заңсыз митинг ұйымдастырмақ болды" деген айып тағып, 50 айлық есептік көрсеткіш (шамамен 500 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салды.

Бұл туралы Азаттық тілшісіне оппозициялық белсенді Қанат Ибрагимов хабарлады. Төреғожинадан басқа қазір сотта Ибрагимовтың өзі, белсенді Ермек Нарымбаев, шеруде "Назарбаев, кел!" деп ұрандаған Рақым Ауғанбаев және тағы екі адамның ісі қаралмақ.

Бақытжан Төреғожинаны таңертең митингіге дейін үйінен шыға берісте Медеу аудандық ішкі істер басқармасының полицейлері тұтқындаған.

Полицейлер оның тұтқындалу себебін "жұртты интернеттегі әлеуметтік желі арқылы рұқсат етілмеген шеруге шақырғаныңыз үшін ұстадық" деп түсіндіріп, "бір әйелден сол әрекеті туралы шағым түскенін" айтқан.
XS
SM
MD
LG