Accessibility links

Митингіден соң бірнеше адам тұтқындалып, айып төлейтін болды


Шеруге Тараздан келген белсенді Рақым Ауғанбаев. Алматы, 24 наурыз 2012 жыл.
Шеруге Тараздан келген белсенді Рақым Ауғанбаев. Алматы, 24 наурыз 2012 жыл.
Бүгін Алматыда өткен, Жаңаөзен оқиғасының 100 күндігіне арналған митингіге қатысушылардың кейбірі сот шешімімен тұтқындалып, бірнешеуіне айыппұл салынды.

Тараздан келген белсенді Рақым Ауғанбаевтың айтуынша, оған айыппұл салынған.

- Прокурор рұқсат етілмеген митингіге қатысқаным үшін мені 15 күнге қамауды сұрады. Судьяға фосфор заводында істегенде екінші топ мүгедегі болғанымды айтып, куәлігімді көрсеттім. Судья содан кейін маған 50 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде (шамамен 500 АҚШ доллары) айыппұл салды, - дейді Рақым Ауғанбаев Азаттық тілшісіне.

«Ар. Рух. Хақ» қоғамдық ұйымының жетекшісі Бақытжан Төреғожинаға да 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Жиынды жүргізген суретші Қанат Ибрагимов пен белсенді Қайрат Ердібаев 15 күнге қамалды.

Оппозиция белсендісі Ермек Нарымбаевтың айтуынша, сот митингіде өлең оқыған Оқап Мұқажанға ескерту берген.
XS
SM
MD
LG