Accessibility links

Барак Обама екі Кореяның шекарасына барды


АҚШ президенті Барак Обама екі Кореяның арасындағы қарусыздандырылған зонада тұр. 25 наурыз 2012 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама екі Кореяның арасындағы қарусыздандырылған зонада тұр. 25 наурыз 2012 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама 25 наурыз екі Кореяны бөліп тұратын қарусыздандырылған зонаны барып көрді. Обама шекарадағы бақылау пунктерінің біріне бас сұқты және АҚШ әскерилерімен кездесті.

Сәл кешірек ол Сеулге барып, ресми келіссөздер жасамақшы. Оңтүстік Кореяның астанасында Обама ядролық терроризм қаупі туралы ұйымдастырылып жатқан халықаралық саммитке қатысады. 26-27 наурыз күндері өтетін бұл шараға 50 шақты мемлекет басшысы жиналмақшы.

Обаманың сапары Солтүстік Кореяның алыс қашықтыққа арналған зымыран ұшыру жоспарына қатысты туған даумен тұспа-тұс келді. Вашингтонның мәлімдеуінше, Пхеньянның бұл жоспары АҚШ-тан азық-түлік көмегін алу туралы бұдан бұрын жасалған келісімді бұзып отыр.
XS
SM
MD
LG