Accessibility links

Ауғанстанда тағы бір жарылыстан тоғыз адам өлді



Ауғанстанның жергілікті билік өкілі 25 наурызда елдің оңтүстігінде ұйымдастырылған жарылыс кезінде жеті ауған полицей, бір шетелдік солдат және олардың аудармашысы қаза тапқанын хабарлады.

Кандагар уәлаятындағы Аргандаб ауданының басшысы Шах Мохаммад Ахамди бомба 24 наурыздың түнінде жергілікті ауған полиция бөлімшесі мен НАТО-ға қарасты Халықаралық қауіпсіздік жәрдемі бөлімшесін (ISAF) талқан еткен.

ISAF өкілі Аргандабта болған төтенше жағдай туралы мәліметті растады, бірақ егжей-тегжейлі ақпарат бермеді. Талибан ұйымы шабуылды өздерінің ұйымдастырғанын хабарлады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG